Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың отандық инвесторлармен кездесуі барысында айтылды.
"Yessenov Lab" жоғары технологиялар ғылыми орталығы» ЖШС директоры Сұлтан Күнәділовтің айтуынша, техникалық сорадан
дайындалатын талшық жоғары сапалы әрі мықты болады. Оны медицинада, құрылыста, жиһаз жасауда, киім тігуде және басқа да салаларда қолданады.
Атап өтерлігі, техникалық сора құрамында ТГК каннабиноидтары жоқ десе де болады. Осы жобадағы "Elaxima Tech Style inc Қазақстан" инвестор компаниясы АҚШ-тық серіктестерімен бірге текстиль өндіруге маманданып келеді.
Компания Алматы облысының аумағында сора талшықтарынан текстиль өндіретін кәсіпорын ашып, дайын өнімді Қытай мен Еуропа елдеріне экспорттауға ниетті. Осыған байланысты бірінші кезекде жалпы аумағы 2 мың шаршы метр болатын, автожол және темір жол қатынастарымен қамтылған ғимарат сатып алу немесе жалға алу жұмыстары атқарылуы керек.
Екінші кезекте компания өз шикізатын өсіруді қолға алмақшы. Ол үшін суармалы жер телімі қажет.
Инвестор-компания өкілдерінің сөздерін тыңдаған Амандық Баталов мұндай өндірісті Талдықорғанда ашуға ұсыныс білдірді. Лайықты ғимарат табу Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарына тапсырылды. Және оның сыртқы инфрақұрылымын жүргізіп беруге қоллау көрсетілетіні айтылды.
Жер учаскесіне қатысты, бұл мәселені өңірдегі аграрлық сала қызметкерлерімен бірге кооперация аясында шешуге болады. Облыс әкімі
Серікжан Бескемпіров коипания өз тарапынан техникалық сораны қандай климаттық жағдайда өсіру керектігі туралы толық мәлімет беруі қажеттігін айтты. Сол мәліметтердің негізінде тиісті жұмыс атқарылады. Алдымен облыс әкімінің тапсырмасына сай кооперация аясында 1-2 мың га суармалы жер бөлу мүмкіндіктері қарастырылмақ.
Кездесу соңында облыс әкімі Амандық Баталов өз орынбасарлары С.Бескемпіров пен Ж.Тұяқовқа осы жобаның жүзеге асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды. Тараптар барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданғанда, облыс әкімінің қатысуымен тағы бір кездесу өткізуге уағдаласты.