Талдықорғанда тұрғын үйдегі ірі өрт болды

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт бүгін түнгі сағат үш шамасында Речная көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды.

107 шаршы метр аумаққа тараған жалынды ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы бір сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықтады.

Оқиға салдарынан 51 жастағы азамат ажал құшты, 32 және 54 жастағы тағы екі азамат күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.