Талдықорғанда ұсталған қылмыстық топтың үш мүшесінен қару-жарақ топтамасы тәркіленді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері, "Арлан" арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері мен ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері күдіктілерді Талдықорғанның шетінде, "Ирбис" көңіл көтеру кешенінің жанында ұстады. "Күдіктілер мінген көліктің ішінен тәртіп сақшылары 5,45 мм-лік "ПСН" тапаншасын, калибрі 7,62 мм-лік "ТТ" тапаншасын тапты", - деп хабарлайды полицейлер.

Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың бірінің үйінен тінту кезінде "Байкал" маркалы, калибрі 9 мм-лік екі тапанша мен чехияның "ЧЗЕТ" маркалы, калибрі 7,65 мм-лік тапаншасы, сондай-ақ, 20-дан астам оқ пен 5 грамға жуық героин табылды.

"Қазір тәркіленген қару-жарақ сараптамаға жіберіліп, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлайды полицейлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті