Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.

«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен», - деді куәгер.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз. Айта кетейік, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағын аудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.