Талдықорғанда жауынгерлерді жұмысқа жеккен офицерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талдықорғандағы №78639 әскери бөлімшенің рота командирі орынбасары жауынгерлердің еңбегін заңсыз пайдаланған.


           ІІМ Тергеу комитетінің хабарлауынша, аға лейтенант биылғы жылдың 25-сәуірі мен 13-мамыры аралығында өкілетін асыра пайдаланып, әскери бөлімшедегі жауынгерлерді туысының үйін салуға және шаруашылық жұмыстарына жеккен.
           Офицердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.