Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» атану үшін 36 палуан бақ сынасады

Осы мақсатта Талдықорған қаласында облыстың 3 қаласы мен 16 ауданынан келген палуандардың басы қосылды.

Жарысты ашқан облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, өткен жылы бұл біріншлікте абсолютті салмақ дәрежесі бойынша Талдықорған қаласының «Толағай» деген лақап аты бар 20 жастағы тұрғыны Жәнібек Дүйсенбаев жеңіске қол жеткізген еді.