Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, осы жылы он айда өңір жолдарында 388 адам қаза тауып, 1760 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Талдықорғанда жол апатынан қаза тапқан адамдар санын есепке алып, аспанға 388 әуе шары ұшырылды. Аспанды аппақ түске бояп ұшырылған шарлар жиылған қауымға жол-көлік апаты проблемасының өзекті екендігін ұғындырғандай болды.
«Бұл проблемаға жұртшылық көңілін аударуға полицейлер бастамашылық етті. Себебі олар күнделікті осындай ауыр жағдайдың куәсі болуда. Әрине біздің тарапымыздан, бұл шараның негізгі мақсаты халықты жолда жүргенде барынша абай болуға шақыру десе де болады», - деп атап өтті жол плициясының өкілі А. Жұмағұлова.
Сондай-ақ апаттан зардап шеккендерді қолдау үшін жас офицерлер дәстүрлі қан тапсыруға қатысты.