Талдықорғандық кәсіпкер малшыны көлігімен басып, аяусыз ұрған: Желіде сұмдық видео тарады (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бибігүл Дәулетбекқызының фейсбук желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мына көлікті мінген жауыз Талдықорғанның фермері. Малшысымен сөзге келіп қалған. Малшы бала-шағасын алып кетіп бара жатқан жерінен, бұл жауыз оны көлігімен басып өтті делінген ақпарат көзінде, одан кейін осылай ұра бастаған. Малшы қазір реанимацияда, ал бұл жауызды қамап тастады.

Ей, Адамдар!

Сендердің адам деген атың қайсы, егер де жүректерің өшпенділікке толы болса?!

Кезінде Вася мен Светлананы да осы Талдықорған жақтың фермері құлдықта ұстап, білгенін жасаған еді. Сол екеуіне үй алып бердік «АЯЛЫ АЛАҚАН» бағдарламасы арқылы. Енді міне, тағы да қайталануда.

Нұрділдә Ораз Бүкіл фермерлерді жақсылап тексеруді министріңізге айтсаңыз! Осындай құлдықта жүрген малшы-жалшылар өте көп", деп жазды журналист. 

"Дүние мүлкін тартып алып, малшыға беру керек. Бұл фермерді семіртіп тұрған малдары ғой. Жалпы жерді мемлекетке қайтарып, ұжымдық шаруашылық құру керек. Халық жер иесі екенін сезініп, бірігіп жұмыс істейді. Далаға кетіп жатқан мемлекеттің ақшасы (субсидия).Жерде тозды", "Не сұмдық бұл. Видиоға түсіп қалғаны мынау, басқа уақыттарда да білгенін жасаған болар. Қатыкез адамдар көбейіп кетті. Құдай сақтасын. Не жесең сол боласың деуші еді... бұлар не тамақ жейді екен а....осынша зұлымдық күшке айналдыратын...", "Қашқандарды менттердің өздері тауып қайта апарып тапсырып отырады", деп жазды желіде оқырмандар.