Талдықорғандық полицейлер жас жұбайларды лимузинсіз қалдырды

Кортеж жүргізушілеріне жолда жүру ережесін бұзуға байланысты 12 хаттама толтырылды.

Қазір мамандандырылған тұраққа тәртіп сақшылары 4 көлікті жөнелтті. Оның ішінде той лимузині де бар. Оның жүргізушісінде көлік жүргізу құқығын беретін құжат болмаған.

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілерде тиісті құжаттармен (техникалық құжат, жүргізуші куәлігі) қатар мемлекеттік нөмірлер де болмаған, сонымен қатар автомобильдердің терезелері қараңғыланған.