«Талдықорғанжылусервис» МКК қызметіне ҚР экология заңнамасын қолдануы тұрғысынан тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорын ҚР Экология кодексінің 69-бабының талаптарын бұзып, осы жылдан бастап қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз өз қызметін жүзеге асырған. Яғни, оның стационарлық рұқсат мерзімі өткен жылдың соңында аяқталған.
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 7 641 678 теңге келтірілген шығын есебін төледі.