Талғар ауданының тұрғындары ауыз суды сатып алуға мәжбүр

Бұл - Бірлік ауылындағы таңғы суға түзілген кезек. Елді-мекен жұрты 6-шы тәулік осылай тұруға мәжбүр. Кір мен ыдыс-аяқты жууды айтпағанда, шай қайнатып, ас әзірлеу мұнда қиындаған.  

Шәрипа Дүбекова, Бірлік ауылының тұрғыны:

-Міне, мынау-ақ су қалды. Немеремнің бұтын жуамын ба, өзім шай қайнатып ішемін бе? Осыдан басқасу жоқ. Мен қант ауруымен ауырамын, суды көп ішемін.

Әлжан Тұрғынбаев, Бірлік ауылының тұрғыны: 

-Халықтың су жоқ сандалып жүргеніне бір жеті болды. Су жоқ. Әкім болса, президентке жеткізді. 2-ақ күн су болған жоқ. Қазір барлығында бар деп.

Негізінен Бірлікте су бұрыннан жоқтың қасы екен. Сондықтан жұрт іргедегі мына өзеннен қажетін тасып ішіп келгенді. Бірақ сел оны да мүлдем лайға айналдырған.  

Зәмзагүл Әубәкір, Бірлікауылының тұрғыны:

-Міне, атқамінер ағаларымыз мынадай сараптама жасап, бізге тарқатқан. Бұл су негізі ішпек түгілі, кір жууға жарамайтын су. Осы сумен халық өзін-өзі алдап отырған. Енді бұл судың өзі бүкіл халықты шөлдетіп, енді сахараның шөлін ғана күту қалды.

Сондықтан халық бір жетіден бері су таситын көліктердің келуін аңдумен жүр. Бірақ басында тегін таратылған ол қазір ақылы болып кетіпті. 


-Бір көлік су 5 мың теңге.

 У-шусыз үйлеріңе құйып беремін депті.

Сөйтіп әне сатып жатыр.

Ал ауылдың әлеуетіне жауапты әкімнен мәселеге қатысты жауап алу қиын екен. Жұртқа жөн айтудың орнына, атқамінер бетін басып біраз отырды.Тек су жеткізуші көлік туралы сөз қозғағанымыз сол екен, әкім халыққа өз қалтамнан ақша шығарып, су жіберіп отырмын деп тілге келді.    

Салтанат Сайранова, Белбұлақ ауылдық округінің әкімі: 

Су сатады деген өтірік. Су жеткізіп жатқан көлікке ақшаны өз қалтамнан төлеп отырмын.

Осылай деген әкім 6 күнен бері тәулігіне 15 көлікті жіберіп отырмын деді. Демек судың жетпеуі мүмкін емес оның ойынша. Ал әзірге бүтін Талғар ауданын зарықтырған судың қашан қайта келері белгісіз. Өткен аптада Маралсай шатқалында тау басындағы қар еріп, сел жүрген еді. Салдарынан таудағы бірнеше демалыс орын қирап, су желілеріне де зақым келген. Қазір ауданға қарасты оншақты ауыл тіршілік нәрінсіз отыр.