Талғар балабақшасында төрт жасар қыз мерт болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.