Талғар өзенінде сел түзілуіне байланысты адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде - Алматы облысы


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі кезде өзен ағымы бойынан төмендегі гидропостта су шығыны 27 куб м/с құрайды, ал төтенше жағдай тудыратын су шығыны деңгейі әдетте 45 куб м/с болады. 
Адамдардың қауіпсіздігі үшін Талғар өзенінің жоғарғы жағына жақын маңда орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен тұрғындар қауіпсіз жерлерге шығарылуда. 
Бұл жұмыстарға Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖ департаменттері мен полиция бөлімшелері жұмылдырылған.