Талғар қаласында үздік жас боксшылар марапатталды

Бұл ірі спорттық жарысты Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. 
 
Турнир медалін 4 күн бойы еліміздің және жақын шетелдің үздік жас спортшылары өзара сарапқа салды. Бокстан олимпиада жүлдегерлері Ермахан Ыбрайымов, Мұхтархан Ділдәбеков және т.б. атақты спортшылар тәлімгерін қолдап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.  
 
Спорттық сарапшылар мен сайыс қонақтарының айтуынша, балалар жоғары шеберлік пен мықты ерік-жігер көрсетті.  
 
Жарыс қорытындысы бойынша ең көп марапатты Алматы қаласының боксшылары иеленді.  
 

Жарыс жеңімпаздары: Ирза Жарас (Алматы облысы, салмақ дәрежесі 32 кг), Акбаржон Рустамов (Өзбекстан, 34 кг), Сейдахрор Мирзарахимов (Өзбекстан, 36 кг), Аян Әбілғабыл (Жетісу облысы, 38 кг), Адият Бахытжан (Алматы, 40 кг), Алиахрор Кодиралиев (Өзбекстан, 42 кг).), Ахатбек Ураимов (Өзбекстан, 44 кг), Данияр Ергеш (Алматы облысы, 46 кг), Данияр Ақбисенов (Алматы қ., 48 кг), Мадияр Шавалиев (Алматы қ., 50 кг), Даниял Шалқарбай (Алматы қ., 52 кг), Имран Ниясов (Алматы облысы, 54 кг), Бекруз Валиев (Өзбекстан, 57 кг), Мухаммокадыр Мамыров (Өзбекстан, 60 кг), Әмір Асанбеков (Қырғызстан, 63 кг), Тимур Калиновский (Алматы қ., 66 кг), Шыңғыс Әкімжанов (Алматы облысы, 70 кг), Тимур Дауров (Алматы қ., 80 кг жоғары). 


 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және зор денсаулық пен спортта жаңа жетістіктер тілейміз!  

@tursungali.edilov  
@almatyboxing.kz