Талғар тас жолында жеңіл көлік бойжеткенді қағып кетті

Алматыдан Талғарға бағыт алған Ауди көлігі жаяу жүргін жолынан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып кеткен.

Көлік жүргізушісі оқиға орнына жедел жәрдем мен жол полициясын  шақырды.

Куәгерлердің айтуынша, қыздың аяғы немесе жамбасы сынған болу керек. Ол өздігінен жүре алар емес.