Талғат Ермегияев «Нұр Отаннан» қуылуы мүмкін

Сөйтіп атына кір келген «Нұр Отан» істі болған Ермегияевті қатарларынан   аластатуға асығып жатқан секілді. «Экспоның» бұрынғы басшысы көрменің құрлысына бөлінген қаржыдан тек сыйақы ретінде 4 миллиард 200 миллион теңге алды деп айыпталуда. Қалған былыққа қатысты тексеру жүріп жатыр. Бір қызығы бастықтары шатылған бойда, секем алған компанияның топ-менеджерлері жаппай қызметтен кетіп үлгерді. Қазақстаннан дереу бой тасалап үлгергендердің бірі Грузияның бұрынғы Экономика министрі Вера Кобалия. Туған жерінде отырып көсіліп сұхбат берген ол Астанаға Талғат Ермегияевтің жеке өзі хабарласып, шақыртқанын айтады. «Астана Экспо -2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары болған грузин қызы 1 миллион 200 мың теңге жалақы алып келгенін де жасырған жоқ. Бастығы Ермегиевтің тұтқындалғанына өкініш білдірген Кобалия ханым, жұмыс ұсынса, Қазақстанға қайта оралғысы келеді. Ал өзі қазір Батуми жағалауында отбасымен демалып жүр екен. 

Loading...