Caravan Logo

Талғат Ермегияевтың інісі мініп жүрген қымбат көлік тәркіленді

Талғат Ермегияевтың інісі мініп жүрген қымбат көлік тәркіленді

Мына шетелдік көлікті Талғаттың туған бауыры Азат Ермегияев мініп жүрген. 22 жастағы жұмыссыз жігіт енді Porsche-ден айырылғысы келмей, машинаны «өзім сатып алдым» деп сотқа шағым түсіріпті. Бірақ, судья мұнымен келіспей, шешімді күшінде қалдырды. Себебі, үйқамақта отырған «Экспоның» экс-басшысы Porsche-ні бюджеттен ұрлаған ақшасына сатып алып, бауырының атына рәсімдеуі мүмкін деген күдік бар. Ермегияевтың сыбайластарымен бірігіп халықаралық көрме құрылысына бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып жатқанын айта кетейік. 

Loading...