Ғарышкер Талғат Мұсабаев Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) төрағасы қызметінен кетті.
Бейсенбі күні министрлікте Т.Мұсабаевқа құрмет көрсету рәсімі өтті.
«Сіз жоғары деңгейлі маман ретінде Қазақстанның аэроғарыш саласының іргетасын қаладыңыз. Бұл бәрімізге аян. Болашақта да біз ғарыш саласын дамыту мәселесінде тығыз байланыста жұмыс істейміз деп сенемін», - деді министр Әсет Исекешев.
Өз кезегінде ғарышкер әріптестеріне нәтижелі жұмыс үшін алғыс білдірді. Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Т.Мұсабаевқа ведомстволық награда табыс етілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 20-қаңтарда Т.Мұсабаев мемлекет басшысының жарлығы бойынша Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.