Талғат Мұсабаев Жапонияның аэроғарыш зерттеулері агенттігінің төрағасымен келіссөздер жүргізді

Форум жұмысының бірінші күні Қазғарыш басшысы Жапонияның аэроғарыш зерттеулері агенттігінің жаңа төрағасы Наоки Окумурамен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен Жапонияның ғарыш ведомстволарының жетекшілері Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, навигация, жер серіктерін құру мәселелерін талқыға салды.

APRSAF-тың аталған мерейтойлық сессиясы ғарыш агенттіктерінің Азия-Тынық мұхиты аймақтық форумының 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне арналған.


Қазғарыш баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін ҚР ҰҒА төрағасы APRSAF-20 пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар, Талғат Мұсабаев форумның арнайы мерейтойлық сессиясына қатысады, онда ол Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен ғарыштық ынтымақтастықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдасы жайлы баяндама жасайды.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша APRSAF-20 ұсыныстары қабылданады. Келесі кездесу ендігі жылы Азия елдерінің бірінде өтеді.