Талғат Мұсабаевты «емдеу» үшін Марсқа алып кетпек болды


Бүгін Марстан ұшып келдім деген мына жігіт бетін тұмшалап жасыл күртеше киіп алған. Өздерін «ауру» деп атаған «Қазғарыш» төрағасын «емдеу» үшін жерге түсіпті. Протонға» тиым салуды талап етіп, осымен үшінші апта есігінің алдында наразылық білдіріп жатқандарды Талғат Мұсабаев ауруға теңеген болатын. Бұған шамданған «Антигептил» белсенділері, ғарышкер туралы түрлі роликтер түсіріп әжуалауға көшті. Ал бүгін Марстан келген «мейман» да Мұсабаевпен жолыға алған жоқ.