Талғат Мұсабаевты жұмыс орнына іздеп барған табиғат жанашырын полиция ұстап әкетті

«Антигептил» қозғалысының белсендісі қолына плакат ұстап шыққан. Онда «Қазғарыш» төрағасының гептилдің зияны туралы айтқан сөзі жазылыпты. Бірақ Талғат Мұсабаев сөзінен тайқып кетті. Тіпті «Ресей Байқоңырда мәңгі қалады» деген мәлімдемесі табиғат жанашырының ашуын туғызған. Оның үстіне «Роскосмос» жақында тағы «Протон» ұшырмақшы. Алайда наразылық білдірушіге агенттіктен бірде-бір адам шыққан жоқ. Керісінше, прокуратура өкілі шұғыл жетті. Заңсыз митингіні тоқтатуды талап етіп белсендіні полицияға ұстатып жіберді.


Мақсат Ілиясұлы, «Антигептил» қозғалысының өкілі: 

-Конституция бойынша, кез-келген азамат митингі, пикет басқа да әрекеттер жасауға толық құқығы бар. (Осы жерде полиция ұстап әкетеді)