Талғат Рысқұлбеков: "42 жылы Сталин құлшылық жасауға рұқсат еткен"


Үндеу кезінде Рысқұлбеков 1942 жылы Сталиннің құлшылық жасауға рұқсат еткенін сөзге тиек етті.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Әуежайда ентелескен адам, мешітке рұқсат берсеңіздерші. Мына жерде (ред әужеай) сағаттап отырады, мешітке 10 минутқа кіріп, намаз оқып шықсақ болады. Ара-қашықтық мында сақталып жатқан жоқ. Мешітке рұқсат беріңіздер, "Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас", - деген қазақпыз. Имамдар айтсаңдаршы, неге ауыздарыңды жауып отырсыңдар? 42 жылы Москваға фашистер келген кезде Сталин бүкіл дін өкілдеріне құлшылық жасауға рұқсат еткен", - деп айтты Талғат Рысбқұлбеков.