Тәлібтер 24 сәуірде Ауғанстанда шабуыл бастауға уәде етті


«Бұл операцияның негізгі нысаны шетелдік басқыншылар, әсіресе олардың тұрақты әскери базалары болмақ. Қуыршақ үкіметтің шенеуніктері, әскери құрылымдар шабуылға ұшырайды», - делінген ауған тәлібтерінің мәлімдемесінде.
Олар ауған барлау қызметінің, ІІМ, қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне де шабуыл жасамақ.
Ауғанстанда тәлібтер жыл сайын әскери шабуыл жасайды.