«Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында орналасқан әскери базаға шабуыл жасады. Салдарынан сегіз адам мерт болды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуыл кезінде базада ауған және поляк әскерилері болған.
Қаза болғандардың ішінде үш бейбіт тұрғын бар, Қалған төрт адам полиция қызметкерлері. Польшаның 10 әскери қызметкері, ауған күштік құрылымдарының 52 қызметкері жарақат алды.