Талибтер Түркіменстан шекарасында ауған әскерилеріне шабуыл жасады


Ауғанстанның Байтыс аймағындағы шекара полициясын басқарушы Джума Гюль Адель шабуылдың болғанын растап, соңғы үш күнде талибтермен ауыр қақтығыстар болып жатқанын айтты.  

Дж. Адельдің сөзіне қарағанда, шекара бекеті жергілікті шекара полициясы мекемесін басып алуға әрекеттеніп жатқан мыңнан астам «Талибан» содырын қоршауға алып жатыр. Ауғанстанның  207-әскери корпус командирі генерал Мохаммад Тадж Джахед аймаққа қосымша әскери күш жіберілгенін айтты. Сонымен қатар әуеден шабуыл жасау көзделіп отыр.