"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшылары АҚШ делегациясымен келіссөз жүргізді. Тәліптер АҚШ-ты Ауғанстан әуе кеңістігін бұзбауға және елдің ішкі істеріне араласпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сонымен қатар, тәліптер АҚШ-тан гуманитарлық көмек көрсетуді және шетелдік активтерді ашуды сұрады.
Сенбіде Ауғанстан уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки Катарда америкалық делегациямен кездесуде "қарым-қатынастың жаңа парағын ашуды" талқылағанын айтқан.
Басылым мәліметінше, келіссөз жексенбіде жалғасады.
АҚШ-пен алғашқы келіссөзден басқа, "Талибан" өкілдері Еуропалық Одақ делегациясымен кездесіп, кейінгі оқиғаларды талқыламақ.