Тәліптер ауған халқын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруға шақырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауғанстанның бейбіт азаматтары "Талибан" уәкілетті мүшелеріне қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруы керек", - делінген қозғалыстың ресми өкілі мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, тәліптерге қатысты азаматтардың кез келген шағымдары тез қаралатыны айтылды.


Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыс аяқталғанын мәлімдеді.