Облыс әкімінің айтуынша, аурухана құрылысына республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге мақсатты трансферт аударылған.
"Кешен құрамына 20 орындық балалар бөлімі, 15 орындық әйелдер босанатын бөлім, 30 орындық хирургиялық бөлім, операциялық блок, реанимациялық зал, гинекологиялық бөлім, балалар мен үлкен кісілерге арналған 2 амбулаториялық бөлім, рентген бөлмесі, сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі кіреді", - деп хабарлады Серік Біләлов.
Заманауи 106 құрал-жабдық арнайы аудандық аурухана үшін сатып алынған. Сонымен қатар, кеше облыс әкімі аурухана игілігіне 5 жаңа автокөлікті табыс етті.