Талсуат ауылында газ баллоны жарылып үйдің қабырғасы опырылып түсті


Куәгерлердің айтуынша, үй иелерінің бірі шай қоймақ болып сіріңкені тұтатқанда баллон атылған. Жойқын жарылыстан есік-терезе тұрмақ, тұтас бір қабырғасы опырылып түсіпті. Қайта арты өртке ұласпаған. Ал жарылыста жараланған 3 адам қазір ауруханада жатыр. Апат себебін қазір мамандар анықтауда.