Қала аулаларының бірінде адам өлтірген ер адамның салқынқанды әрекеті павлодарлықтарды үрейлендірді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнын түсіріп алған куәгерлердің видеосы тарап жатыр. Онда алдын ала мәлімет бойынша, егде жастағы ер адам көрсетілген. Кадрлардың бірінде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында қан-жоса болып жатқан ер адам байқалады. Тағы бір видеода пышақ ұстап, қара көзілдірік киген ер адамның жерде жатқан адамнан алыстап барып орындыққа отырғанын көруге болады.
"Сұмдық, тамағын орып тастады да, түк болмағандай отыр", - дейді видеодағы дауыс.
Оқиға Муткенова көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болғаны хабарланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оқиға орнына полиция жеткен сәттің видеосы пайда болды.
https://www.instagram.com/reel/C8SBxiwCFLO/embed/captioned/?cr=1&v=14&wp=432&rd=https%3A%2F%2Ftengrinews.kz&rp=%2Fcrime%2Fhladnokrovnoe-ubiystvo-dvore-doma-shokirovalo-jiteley-538562%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A5341.699999988079%2C%22ls%22%3A5326.099999964237%2C%22le%22%3A5331.399999976158%7D
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына дәрігерлер бригадасы барғанын, дәрігерлер ер адамның өлімін тіркегенін хабарлады.
"16 маусымда сағат 19:23-те пышақ жарақаты туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғаны тіркелді", - деді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Павлодар облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады