Сарбаздың жақындары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы оның ағасы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында мәлімдеді.
"Осы ауруханадан анасына қоңырау шалып айтқан, Ербаян қайтып кетті деп. Ата-анасы келіп, қараған кезде қаны бәрі жүріп, жүрек соғысы болып тұрды. "Аппараттан неге суырып тастадыңдар?" деп айтқанда, шынымен уже өліп қалғаны белгілі болды. Аппараттан суырып тастаса, әрине адам өледі.
Негізінде, былай қарасаңыз, Ербаян пневманиямен түскен, үйде жатқанда өзіміз қарап жатқанбыз, емдеп. Бірақ скорый шақырып, олар бізден алып кетеді. Сөйтіп, Ербаян онда 20 күндей жатады, мен тіпті видеосын бәрін түсіріп алдым. Мойындағы пластикпен демалушы еді ғой, соны бәрі іріңдеп кеткен.
Кәдімгі ірің, сасып жатты бәрі. Мүлдем қарамаған, содан инфекция кеткен. Осложнения болған. Олар өз кінәсін білгеннен кейін, аппаратты әдейі өшірді деп ойлаймын", - деді ол.