Тамара Асар 1 жасқа толған қызының тұсауын кесіп, той жасады

Тамара той кадрларымен Instagram парақшасында бөлісті.

Тамара Асардың қуанышына Роза Рымбаева, Азамат Сатыбалды, Саят Медеуов, Айгүл Мүкей, Ләйлә Сұлтанқызы, Нұрболат Абдуллин сынды танымалдар ортақтасты. Әнші той қонақтарына арнайы қоржын дайындап, сыйлықтарын тарту етті.

Айта кетейік, Тамара Асар екінші рет тұрмыс құрып, 45 жасында қызды болды. Әншінің алғашқы некесінен Қамбар есімді ұлы бар.