Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші бұл хабарды желідегі парақшасында жариялады:
-Апа, мен Қарақатқа барып келейін, ауылынан мамасы келіпті, амандасамын, сосын ол кісіден бір нәрсе сұрауым керек еді-дедім.
-Барғың келсе бар, жолда абай бол, қасыңда сенімді ерадам болса әрине -деді.
Көрші тұратын Қыдекем мен Қарақаттың үйіне ұзаааақ жиналдым.
Бір кезде шешем,
-күн суықтау сияқты жылы киінші-деді,де шкафтың түп жағына қолын зорға созып, ішіне кіріп кете жаздап, иін-тіресіп тұрған көп киімнің ішінен әрең дегенде бір пальтоны суырып шығарып алды. Сол пальтоны алғанша терлеп те кеткен, қолына ұстап алып, қағып-сілкіп жатыр. Маған таныс пальто:
-Мынау менің жас күнімде киген бәлтем, әкең алты айдың жалақысын жинап сатып әперген. Жарықтықты сақтап жүргенмін бір керекке жарар деп, қарашы әлі су жаңа мә киіп ал. Өзі жып-жылы, бағасы да арзан емес. Әке мен шешеден көз болған, жылумен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар-деп кигізіп тұрып:
-Мәәә құйып қойғандай шап-шақ екен,жараса қалды-деді де қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен қолымен жол көрсеткендей болды.
ТҮСІМ ЕКЕН.
Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып,өздігімнен күбірлеп,түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген , оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? - дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…
Өмерге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға", деп жазды әнші.