Тамара Асар тұрмысқа шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ақпаратты Айгүл Елшібаева инстаграм желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Ақ Томидың маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін! 

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашанда байлығын керсетiп мақтанбайтын, жеке өмiрiн көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде тегетін, Құдай көтере білгенге бередi, деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесiн!", деп жазды желідегі парақшасында.