"Тамара Асардың тағдыры қиын": Дина Төлепберген қыз ұзататын әншілер жайлы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол өзінің ютуб арнасында әнші Тамара Асардан алған сұхбатында:

-Қызды кім ұзатады дегенде, ата-аналар түрлі ырыммен байлансытыратын салтымыз жайлы сұрады. Әншіні таңдау барысында, оның тағдырына ұқсап кетпесін деген ниетпен. Мәселен, Тамара Асарды шақырайық десек, оның тағдыры біраз қиындау" деген сияқты айтып жатады. Жалпы қыз ұзататын адамды қалай таңдауымыз керек? деген сауал қойды.

-Қазақ өте ырымшыл. Қазақтың қызын ұзататын әнші емес. Қазақтың қызын ұзататын жеңгелері дұрыс болу керек. Ешқандай сырттан келген адам, қызды ұзатпайды. Әнші тек әнін таңдау керек. Әншінің тағыдырын емес, әнін таңдау керек. Әнші тек әнін орындап кетеді. Әрбір ата-ана осыға мән беру керек, деп әнші тарқатып айтып берді.

"Дұрыс. Жеңгесі ұзатады. Салт дәстүріміз, ырым тыйымдарымыз бұзылмағаны және келер ұрпаққа дұрыс бұзылмай өтуі тиіс", "Тамара өте дұрыс айтады. Маңғыстаудың қызы ғой", "Динаның сауалы өте дұрыс қазақ келінді алып кіруге немесе қызды ұзатып шығаратын әншіні де тағдырына да мән бере таңдайды", деп жазды оқырмандар.