Актер Тұңғышбай Жаманқұлов тамаша ойын сауық орталығын ашқанына өкінішін білдірді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
- Тамашаны ашқаныма мен қазір өкінемін. Жас кезімде орбитаға, яғни, өнер әлеміне шыққым келіп, жаман кішкентай рөлде жүріп, көрінуге тырысқанымда, тал қармап, талпынып жүргенімде себептен себеп болып, жарқ етіп шықты ол тамаша.
Кейін ол тамаша жеңіл өнерге айналып кетті да, ақша қуып, сөз қуып, мазақ болып, масқарампаз болып кетті. Ол басқа өнер. Глоунада деген өнер бар. Оны өзбектер "масқарампоз" дейді, деп қазақ сахнасындаға тамашаға өкпе-ренішін жеткізді Тұңғышбай Жаманқұлов.
"Сен құлақ болып кеттің ғой ақшаны жеп алып", "Тамашаны аштым дей ме? Тамашаға жұмысқа шақырған шығар", "Ақша ұрлаған соң жек көріп кеттім. Кәртейген шағында масқара болып", деп жазды оқырмандар.
Loading...