Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Тергеушілер "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне фильм түсіруге 79 миллион теңге бөлгенін анықтаған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов қалтасына басыпты. Актер аталған ЖШС-ның құрылтайшысы екен.
Қаржы қосалқы мердігерлік мекемелер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілген.
Сонымен қатар, ақша жымқыруға "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденіп,олар сот санкциясымен қамауға алынды.