Тамыз айында қазақстандықтар шетел валютасында көбірек депозит ашты



Депозиттер көлемінің ұлттық валютада, сол сияқты шетел валютасында да өскені байқалды. Алайда, ұлттық валютадағы депозиттер небәрі 0,4% өсіп, 856,1 млрд. теңге болды, ал шетел валютасындағы депозиттер - 1,5% өсіп, 623,2 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 58,2%-тен 57,9%-ке дейін төмендеді.
Заңды тұлғалардың депозиттері 1,0% өсіп, 963,8 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 0,7% көбейіп, 515,5 млрд. теңге болды.
Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса алғанда) бір айда 0,7% өсіп, 523,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте, халық салымдарының құрылымында теңгелік депозиттер бұрынғы 281,7 млрд. теңге деңгейінде қалды, ал шетел валютасындағы депозиттер 1,5%-ке өсіп, 242,2 млрд. теңге болды. Нәтижесінде, теңгелік депозиттердің үлес салмағы 2005 жылғы шілдемен салыстырғанда 54,1%-дан 53,8%-ға дейін төмендеді.
Тамыз айында банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,7% (2005 жылғы шілдеде - 3,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 9,6% (9,1%) болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті