Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха-"Оба" кеден бекеті бағытындағы жаңа жол пайдалануға беріледі

Қазір Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін созылатын бұл жолға асфальт төселмеген. Г.Акуловтың айтуынша, соның салдарынан Ресейден Зыряновск, Өскемен және Риддерге бет алған жүктер шалғай жатқан "Ауыл" және "Жезкент" кеден бекеттері арқылы өтуде. "Кәсіпкерлер әрбір тиынын санайтындықтан, жүктердің біраз бөлігі "Оба" кеден бекеті арқылы өтеді. Алайда, жаңбыр мол жауатын наурыз-мамыр айлары аралығында бұл бағыттағы құм жолды су шайып, көлік жүру мүмкін болмай қалады. Соның салдарынан өнімдерін сыртқа шығаруға мүдделі өнеркәсіп орындары зардап шегуде".

Жол салу жұмыстары 2004-жылдың мамыр айында басталған. Құны 141 млн. теңгені құрайды. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.