Тамыздың аяғында Жапония үкімет басшысы Өзбекстанға ресми сапармен келеді



Сапар бағдарламасына сәйкес, Жапония үкімет басшысы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен жүздеседі.

Бұл Д.Коидзумидің Орталық Азияға жасағалы отырған тұңғыш сапары, деп хабарлайды елшілік.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-30-тамыз аралығында ол сондай-ақ Қазақстанға да келіп, мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылап, халықаралық проблемалар туралы пікір алмасады.