Конференцияны ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шарты ұйымының уақытша техникалық хатшылығы, Францияның атом энергетикасы жөніндегі комиссариаты, Ресей ғылым академиясы геосфералар динамикасы институты, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімінің математикалық геофизика және математикалық есептеу институты ұйымдастырмақ.
Жиында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Норвегия, Қытай және басқа да елдердің ғалымдары мен мамандары 60-тан астам баяндама жасайды. Алғаш рет Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шарты ұйымының уақытша техникалық хатшылығының қолдаымен конференцияға бірқатар азиялық ұлттық мәліметтер орталығының өкілдері қатысады. Конференцияда Қазақстанның ұлттық мониторингтік станциялар желісі мен Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығын құруда айрықша маңызды роль атқарған ұйымдардың өкілдері сөз сөйлемекші. Олар: Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шарты ұйымы, АҚШ әуе күштерінің қолданбалы технологиялар агенттігі, Норвегияның НОРСАР орталығы, Францияның атом энергетикасы жөніндегі комиссариаты, Ресей ғылым академиясы геосфералар динамикасы институты, Ресей ғылым академиясының Жер физикасы институты.