Бұл туралы Қалдыбек Құрманәл nstagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Аққуым менің, қайдасың ?...
Осы әнді естімеген жан кемде-кем шығар-ау?...
Мен-аққуды емес, осы әнді орындап, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ералхан дос-ағам (Әбішевті) іздеп, Бадам ауылының маңында орналасқан "Бөкей-1"қыш зауытына бардым.
Көріспегенімізге де, көп уақыт өтіпті. Сағынысып, алып-ұшып қауыштық...
Ол- кірпіш зауытында концерт бергелі жүрген жоқ.
Ол- осы зауыттың білдей бас директоры.
Мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырғанда, кәнігі құрылысшыдай түсіндіріп, аузымыздың суын ағызды,-десек те болады.
Мен- Ералхан досымның Алматы қаласындағы Студенттер сарайының директоры болғанын білемін.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі директорының орынбасары болғанын да білемін.
Бірақ, қыш зауытының директоры болғанына таң қалдым...
Әбіш атамыздың ұрпақтары- бақ қонып, қыдыр дарыған әулет.
Әлмахан көкемнің шаңырағынан өсіп-өнген ұл-қыздары, бұл күнде елімізге танымал аяулы жандарға айналды...
Ал, Ералхан досымның жөні, мен үшін ерекше бөлек.
Қыш зауытынан кетіп бара жатып, талант қайда да, талант екен-ау, - деген ой мазалай берді...
Аман бол, менің ақкөңіл досым- ЕРАЛХАН!", - деп жазды ол.