Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
" Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,
Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.
Аламанға салсаң озар, әй қайдам,
Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.
Мен -әйелмін, қырық жан бар бойымда,
Шырқыраймын, талай уайым қойында.
От шарпыса шыдай түсем ерімей,
Себебі мен ұқсап кетем-шойынға...
Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс..
Еңлік сияқты күн кешіп жүрген құрбандар қаншама?!",-деп жазба жариялаған әншіні оқырмандары алаңдап қалды.
Желі оқырмандары: "Не болды Ақбота?","Тыныштық па? Нені дұрыс емес қабылдадың?","Түсірілімде ма?","Жаным-ау","Қыз тағдыры қандай қиын","Кино қашан шығады?","Дәуренмен ажырасты мв?","Бақытты болуға лайық жан","Негізі мықты қыз","Таңдауды дұрыс жасау керек",- деп пікірлерін оқша боратты.
Еске салсақ, актриса "Бақыттың кілті" -атты жаңа сериалдың түсірілімінде жүргенін айтқан болатын!
Екі айға жуық болатын түсірілім алаңынан біршама қызықты оқиғалар, суреттер мен бейнежазбалар күтетін боламыз,- дейді әншінің оқырмандары.