«Таңертең оянбай қалған»: Алматылық альпинист Тянь-Шань тауларында көз жұмды

Алматылық альпинист топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Алайда ер адам биікте ауырып қалған. Болжам бойынша, оның өкпесі қабынған көрінеді.

«Топ шатырдың тіреуіштерін жоғалтып алды. Сондықтан шатырдың жабынын жамылып, қар шұңқырында түнеуге тура келді», - делінеді жазбада.

Александр Чечулин 16 тамызда таңертең оянбай қалған.


Ер адам кәсіби түрде альпинизммен айналысқан. Чечулиннің достары мен әріптестері желіде көңіл айтып жатыр.