"Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек": Нағима Есқалиеваның келініне қояр басты талабы

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Shownews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ең бастысы жақсы адам болуы керек. Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұру керек. Мені мама, мама деп жүруі керек. Үнемі жанымнан табылғаны дұрыс.

Немере сүйгім келеді. Әр ер бала анасына ұқсайтын қыз таңдайды деген рас. Балам мен сияқты бір жындыны іздеп жүрген шығар. Балама үйлен деп үнемі айтамын" деп ағынан жарылды Нағима ханым. 

Ұлы Диастың айтуынша "маған қыдырып болған, енді қыдыратын жерлерді ойлап тұрмайтын, үнемі үйде отыратын қыз керек", дейді.