Танымал актер әрі режиссер Эльдар Рязанов ауыр халде жатыр


Сенбі күні таңертең режиссердің отбасы оның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлаған еді. Енді дәрігерлер оның халін ауыр деп бағалап отыр. 
Эльдар Рязанов - ресейлік және кеңес кинорежиссері, сценарийші, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы, ақын, драматург, КСРО халық әртісі. "Старики-разбойники", "Невероятные приключения итальянцев в России", "Ирония судьбы, или с легким паром", "Служебный роман", "Вокзал для двоих", "Гараж" және т.б. көптеген фильмдердің авторы.