Танымал актер Роберт Де Ниро Мәскеуде тағы бір мейрамханасын ашты


Nobu авторлық асханасының (халықаралық желі) алғашқы мейрамханасын Нью-Йоркте 1994 жылы Роберт де Ниро мен жапон аспазы Нобу Масухис ашты. Nobu желісі бойынша әлемнің 28 қаласында (Лондон, Лас-Вегас, Мельбурн, Токио, Бейжің, Майами және т.б.) 33 мейрамхана ашылған. 
Мәскеуде Де Ниро мен атақты бас аспазшының алғашқы мейрамханасы 2009 жылы ашылған болатын. Жоба Матсухис, Де Ниро, бизнесмендер: Арас пен Эмин Агаларовтардың ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асқан. 
Жаңа Nobu Crocus City мейрамханасының алаңы - 1200 шаршы метр.