Танымал актриса 30-дан асқан шағында лауазымды азаматқа тұрмысқа шықты

Тележүргізуші әрі актриса Нұрбигүл Егізова тұрмысқа шықты! Өнер иесінің ұзату тойы өзінің туған жері Орал қаласында дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Досхан Жолжақсыновтың жары Қарагөз Сүлейменова, Айнұр Тұрсынбаева сынды танымал тұлғалар Нұрбигүлді құттықтау үшін арнайы Оралға атбасын бұрды.

Нұрбигүлдің тойына белгілі өнер адамдарымен бірге облыстағы лауазымды тұлғалар да қатысты. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те бар.


Естеріңізде болса, Нұрбигүлдің БҚО-ға белгілі лауазымды азаматқатұрмысқа шыққалы жатқанын айтқан едік.