Бұл туралы федерация Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Федерацияның мәлімдеуінше , ол медиа мәселелері жөніндегі вице-президент болып тағайындалған.
"Айдос Кожахметов - қазақстандық блогер, әзіл әрі өмірлік видеолардың авторы, стендап-әзілкеш, актер, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Ол күнделікті өмірі, отбасы мен адамдар арасындағы қатыынастар мен қазақстандықтардың тұрмысы туралы қысқа роликтерімен танымал. Оның видеоларының көбі миллион қаралым жинайды.
Одан бөлек Айдос музыкамен айналысады. Оның әндері көбіне отбасылық құндылықтарға, ата-анасы мен жақындарына арналған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, блогердің Instagram желісінде 908 мың оқырманы бар.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлерінің ешқайсысы финалға шыға алмаған еді. Нәтижесінде федерация басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы жанкүйерлер мен спорт сарапшылары тарапынан қатты сынға ұшырады.