Ол бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасында Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Бес үйім бар. Біреуінде өзім тұрамын. Төртеуінде командамның балалары тұрады. Бір тұрғын үй кешенінен бірінің астынан бірін алып, жұмыс істеуге де ыңғайлы болсын деп тұрып жатыр. Осы аралықта ата-анамды Cемейден Астанаға көшірдім. Кезінде алған төрт бөлмелі үйімді соларға беріп, өзім осы жылдың басында бес бөлмелі үйге көштім. Жалғыз туған қарындасым бар. Оған туған күнінде бір бөлмелі пәтер сыйладым», – дейді блогер.